|
08.11.2019 | 14:38
2911

Тәуекел Мүсілімнің "үйленуі": актердің өзі жауап берді

Қазір актер көптің көзіне көрінбеу үшін барын салуда

Күні кеше әлеуметтік желіде Тәуекел Мүсілімнің белгісіз арумен түскен суреті тарап кетті. Бір қызығы, актердің қолында діни неке куәлік бар. Талай қыздың арманына айналған сері шаңырақ көтерді ме? Ол сурет қайдан шықты? Бұл сұраққа актердің өзі жауап берді, деп жазды  KAZ.NUR.KZ.

Желі оқырмандарының арасында қызу талқыға түскен сурет қашан түсірілгені белгісіз. Дегенмен, көпшілік актерге бақыт тілеп, өз пікірлерін жаудыруда.

Шулы фотоға қатысты Тәуекелдің өзі де артық ешнәрсе айтқысы келмейтін сыңайлы.

"Не сурет айтып тұрғандарыңызды білмеймін. Көрген емеспін. Ол мен емес. Мүмкін, шатастырып алған шығарсыздар. Уақыты келгенде бәрін айтамын. Қазір ештеңе айтпаймын", -деді ол.

Қазір актер көптің көзіне көрінбеу үшін барын салуда.

Тіпті, Мүсілім журналистерден жасырынып, араласатын ортасынан да алшақтап жүр екен.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир