|
16.07.2019 | 19:48
4205

«Славян базары-2019»: Әділхан Макин Димаштың ізін жалғады

Отандасымыз «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінде гран-приды ұтып алды

Витебскіде Димаш Құдайберген бағындырған биікті биыл Әділxан Макин қайта жаңғыртты. Отандасымыз «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінде гран-приды ұтып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Демалыс күндері өткен халықаралық доданы 6000-нан астам көрермен мен тікелей эфирде миллиондаған жанкүйер тамашалады. Тыңдаушылардың таңдайын қақтырған Әділхан Макин үлкен сахнада хәкім Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады. Отандасымыз екінші турда үміткерлердің көшін бастап, бас-аяғы 178 ұпай жинады. Осылайша, 4-ші курс студенті қатарластарынан оқ бойы озық тұрып, суырылып алға шықты.

Есте болса, осыдан төрт жыл бұрын додада Димаш Құдайберген тұңғыш рет Гран-приды жеңіп алса, 2017 жылы Ернар Садырбай бірінші орын алған болатын. Сайысқа Беларусь, Ресей, Германия, Қытай, Латвия және өзге де мемлекеттерден әншілер қатысты. Ал халық отандастарымыздың биік деңгейде өнер көрсеткенін мақтан тұтатындарын жеткізіп жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир