|
18.11.2019 | 22:08
2208

Алматыға «Тіршілік» келді

Көрмеге Түркістан облысына қарасты ауыл өмірінен сыр шертетін 50-ден астам фотосурет қойылған

Алматыда фотограф, журналист Әйгерім Бегімбет, фотограф Шыңғыс Әбдіразақтың «Тіршілік» атты фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Оған Түркістан облысына қарасты ауыл өмірімен қатар, тұрғындарының тұрмысынан сыр шертетін 50-ден астам фотосурет қойылған. Авторлар осы туындылар арқылы ауыл жұртының өмірін, мәселелерін жалпыға жеткізгісі келіпті.

«Біз сәуір айында Internews-тен «Түркістан тіршілігі» деген жобамен, 268 жобаның ішінен грант жеңіп алған болатынбыз. Ол жоба бойынша біз 15 ауылға барып Түркістан өңіріндегі ауыл проблемалары, ауылдағы ерекше кейіпкерлер және еңбек адамдарын фоторепортаждармен көрсетіп, елге таныстыруымыз керек болды», - деді журналист, фотограф Әйгерім БЕГІМБЕТ.

«Бұл жерде бастысы ауыл тіршілігі, қарапайым адамдар, өмір жолындағы қиындықтар қалай тіршілік ету, балалардың өмірі, қысқаша айтқанда, боямасыз өмірді көрсеткен. Тіпті кейбір суреттер адамды өз иіріміне қарай тартады. Мысалы, Арыстағы жағдайды көрсеткен фотосуреттер бар. Үлкен апаның портреті тұр. Сол портретке қарасаңыз, апаның көз жанары арқылы қаншама ойға кетесің», - дейді кәсіби фотограф Сәрсенбек ҚЫЗАЙБАЙҰЛЫ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

фотовыставка
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир