|
04.06.2020 | 13:49
4795

Серік Әбікенұлы «Жетісу» телеарнасының директоры болып тағайындалды

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Белгілі журналист Серік Әбікенұлы «Жетісу» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел өзінің Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ал, міне, жақсы жаңалығым!

Серік Әбікенұлы Сарыбай «Жетісу» телеарнасының директоры болып тағайындалды.

Бейсекеңмен бірге бастаған істі жалғастырып, арнаның даму жолы Секеңнің басшылығымен жалғаспақ», – деп жазады Ғалымұрат Жүкел.

Анықтама: Серік Әбікенұлы бұған дейін «Жетісу» телеарнасы директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын. «Парасат» журналының бас редакторы, «Алматы» телеарнасы директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир