|
30.09.2022 | 14:49
1093

Алматыда Серік Қирабаев тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды

Автордың рецензиялары мен оқулықтары әлі күнге дейін қолданыстан түспей келеді

Almaty.tv

Бүгін қазақ әдебиеттану ғылымының қайраткері Серік Қирабаев тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Профессор 21 жыл мекен еткен шаңыраққа елге белгілі өнер қайраткерлері мен ғалымдар қатысып, Серік Смайылұлының жарқын бейнесін еске алды.

«Сер-ағаң 25 жасында қазақ жастарына арнап мектепке арналған оқулық жазған. 25 жасында жарқырап көрінген. 40-қа жетпей докторлық қорғаған. Мына біздің әдебиеттану ғылымында өз буынының көшін бастаған», – деді  филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы

Айта кетейік, Серік Қирабаев қазақ әдебиетінің өзекті мәселелеріне тоқталып, ғылымның дамуына сүбелі үлес қосқан еді. Автордың рецензиялары мен оқулықтары әлі күнге дейін қолданыстан түспей келеді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир