|
16.04.2021 | 15:05
1245

Almaty телеарнасы Тұрар Рысқұлов жайында телехикая түсіреді

Телехикая 2021 жылдың күзінде көрермен назарына жол тартады

novoetv.kz

Almaty телеарнасы 2021 жылдың 18 ақпанында ҚР АҚДМ өткізген конкурс негізінде Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім бергенін және конкурстың нәтижесінде АО «ТРК» Almaty» телеарнасы мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловқа арналған телехикаяны өндіру үшін тапсырыс алғанын мәлімдейді.

Аталған туындыны өндіру үшін «Almaty» телеарнасының сайтында конкурс жарияланды. Байқаудың қорытындысын  телеарнаның көркемдік кеңес мүшелері мен кеңеске шақыртылған штаттан тыс әдеби сарапшы Қайнар Олжай қарастырды. Көркемдік кеңес мүшелері: Толганбаев Э.С - Бас директордың бірінші орынбасары, Гудзь С.В - Қаржы департаментінің Қаржы директоры-бас есепшісі, Скоробогатов П.С – Аудиовизуалды қолдау бөлімінің бас режиссеры, Жаппарова Г.З – Бағдарлама департаментінің директоры, Әбдіраман Алмат - Контент өндіру департаментінің директоры,  Умарова Г.А - Құқықтық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті құқықтық жұмыстар  және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Мақұлбек А.М – Құқықтық және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің кеңсе бөлімінің іс қағаздарын жүргізу маманы. Көркемдік кеңесте конкурсқа қатысқан компаниялардың ұсыныстарымен танысып, туындыны дайындайтын мердігерді бекіткені жөнінде хабарлайды.

Өндіру департаментіндегі өндіріс бөлімінің продюсері Асқарбаева А.Е Кеңес мүшелері мен жиынға шақыртылған әдеби сарапшы Қайнар Олжайға конкурсқа қатысқан «2 partners» ЖШС, «Sultan pro» ЖШС, «Жалын – Ғұмыр» атауымен ұсынған шығармашылық топтың  тұжырымдамаларын таныстырды.

Әр компанияның ұсынысымен танысқаннан кейін көркемдік кеңес мүшелері мен әдеби сарапшы өз пікірлерімен бөлісті.

Ұсынған жобалармен таныса келе көркемдік кеңес мүшелері «2 partners» ЖШС компаниясы ұсынған Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебе» роман-эпопеясы негізінде әзірленген жобаға дауыс берді.

Телехикая 2021 жылдың күзінде көрермен назарына жол тартады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Алаш отырыс
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир