|
05.10.2022 | 16:27
1048

Алматыда Мұхтар Шахановтың «Ғұмыр-дария» атты шығармашылық кеші өтті

Қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев ақынды мерейтойымен құттықтап, әдебиет саласы мен ел дамуына қосқан еңбегін ерекше атап өтті

стоп кадр

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 80 жаста. Мерейтой аясында Алматының Республика сарайында ақынның «Ғұмыр-дария» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өнегелі өмірін шығармашылыққа арнаған ұлт қайраткері ел мен жер мәселесінде өзекті ойын айтып жүрген дара тұлға. Отандық телевизия, радио саласында еткен еңбегі ерен. Шығармашылық кеште замандастары мен әдебиет алыптары арнайы қонақ болды. Қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев ақынды мерейтойымен құттықтап, әдебиет саласы мен ел дамуына қосқан еңбегін ерекше атап өтті. Қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты.

«Бүкіл қазақ елінің тойы деп ойлаймын, осындай азаматтарды қазақ халқы алақанына салып өсіру керек. 80 жасқа 80 қосылсын. Олай айта береміз ғой, бірақ 80 түйелік жүкті мойнына салып, көтеріп, халқының алдында, елінің, тілінің алдында ары таза», – деді жазушы, драматург Дулат Исабеков.

Қазақ поэзиясында дара қолтаңбасымен айшықталған жыр алыбының есімі елімізде ғана емес, шет мемлекетте де аса танымал. Оның шығармалары 25-тен астам мемлекеттің мектеп әдебиетіне енді. Бұған дейін Германияда Шаханов туралы 400-дей мақала шықты. Жапонияда 6 млн тиражбен шығатын газетте шығармалары жарияланды. Шығармашылық кеште ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, драмалық қойылымдар көрсетілді.

«Мұхаңның өзіндік стилі, өзіндік сөз қолданысы, қазақтың рухани терең бойлап жазады. Сөздері мәнді де маңызды. Сондықтан ол әнге келеді. Сөзі мағыналы болса, әні әуенді болса, орындаушы ұлтжанды болса, сонда ғана ол ел арасына тарайды», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир