|
25.11.2022 | 18:18
813

Алматыда Рафаэль Ниязбеков тұрған үйге мемориалды тақта қойылды

Салтанатты іс-шараға қалалық әкімдік өкілдері мен елімізге белгілі өнер қайраткерлері қатысты

Almaty.tv

Алматыда поэзия әлемінде өшпес орны бар, белгілі ақын, жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбеков тұрған үйге мемориалды тақта қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты іс-шараға қалалық әкімдік өкілдері мен елімізге белгілі өнер қайраткерлері қатысты. Қонақтар «өлеңдері арқылы көптің жүрегінен орын ала білген ақынның жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады» де еске алды.

«Бауырлас елдің батыры атанған ақын, өз елінің батыры болмасқа хақысы жоқ. Алаштың да азулы ақыны да, батыры да болып өтті өмірден. Рафаэль аға –  рухы бөлек, ақындығы ерек талант иесі еді», – деді ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир