|
18.05.2022 | 18:24
737

Биыл әдебиеттің алтын қорына енетін 160 кітап шығару жоспарланып отыр

Қаламгерлер марапатталатын болады

Almaty.tv

Былтыр Алматы әкімдігінің тікелей қолдауымен Жазушылар Одағынан әдебиеттің алтын қорына енетін 130-дан аса кітап жарық көрді. Ал биыл 160 кітап шығару жоспарда бар. Бұл туралы  Жазушылар Одағының Әдебиетшілер Үйінде өткен дәстүрлі әдеби жыл қорытындысына арналған жиында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазақ әдебиетінің көктемі» атты жиын өмірден озған Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерін 1 минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Қазақ әдебиетінің 1 жылда жеткен жетістіктері, бүгінгі хал-ахуалы мен кітаптар жайы талқыланған басқосуға қаламгерлер, әдебиет зерттеушілері, Одақтың өңірлердегі филиал басшылары қатысты.

«Бір жылдың ішінде көзге түскен қаламгерлер марапатталатын болады. Қоғамдық өмірден жазушылар алшақтап кетпейтіндіктен және оның бітесіп қайнасып ортасында жүретіндіктен біз мына жақында өтетұғын референдумға қатынасу жөнінде де өз қаламдастарымызбен де бөлісеміз», – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

«Жазушылар Одағының ел өміріндегі орны туралы кейінгі уақытта көп айтылып жүр ғой. Тіпті, кешегі болып жатқан қаңтар оқиғасы кезінде көп әңгімелер айтылады. Бірақ қай заман,қай уақыт, қай кезең болса да қазір қазақ өзінің жазушыларын іздейді. Жыл сайын өтетін алқалы жиын дәстүрге айналған», – деді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жүсіпбек Қорғасбек.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир