|
26.10.2020 | 18:30
1392

Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театрының 86-маусымы ашылды

Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Өмір-Өзен» музыкалық қойылымы ұсынылмақ

Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театрының 86-маусымы Антон Зайцевтің «Үйшік» қойылымымен ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ, биыл аса көрнекті сазгер Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Өмір-Өзен» музыкалық қойылымы ұсынылмақ. Режиссер Еркебұлан Қабдыл кішкентай көрермендерге лайықтап, барынша жаңаша бағытта көрсетуді көздеген. Айта кетейік, қуыршақ театры алдағы уақытта «Ер Төстік», Шарль Перроның «Күлше қыз» және Уильям Шекспирдің «Макбет» туындыларын сахналауды жоспарлап отыр.

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған, даланың әр гүлін жинадың сен маған» деп жырлап кеткен қазақтың ұлы Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған «Ана туралы жыры» Шәмші Қалдаяқтың қазақ барда оның халқымен мәңгі жасай береді. Қазіргі болып жатқан Қазақ мемлекеттік қуыршақ театрында бұл театр деген ұлы қасиетті ұғым. Себебі мынау бүлдіршіндерді мәдениет деген нәрсеге үлкен өнерге деген баулитын қара шаңырақ деп білеміз», – деді қалалық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары  Данияр Әлиев

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир