|
17.08.2022 | 19:49
812

Алматы циркінің әртістері жүлдеге ие болды

Елордада ХІІІ «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі өтті

Almaty.tv

Алматы циркінің әртістері Марина Стародубова мен Даяна Жетпісова жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елордада өткен ХІІІ «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысты. Бұл жарыста әлемнің 15 елінен жиылған үздік цирк өнерінің майталмандары бақ сынады. Қазылар алқасы жарысқа қатысушыларды хореографиялық және режиссерлік жұмыстың күрделі деңгейі бойынша бағалады.

«Қазылар алқасы құрамында цирк өнерінің бомондтары, корифейлері, топ менеджерлері отырды.  Қазақ мемлекеттік циркінің 2 нөмірі қатысқан болатын. Цирк өнерін көрермендерге, халыққа насихаттауды мақсат тұттық», – деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов.

«Қиын болды. Бірақ біз үшін тәжірибе. Сондықтан бар күш-жігерімізді салдық. Жарыс кезінде әртістер өздерінің цирк өнері бойынша асқан шеберліктерін паш етті», – деді жүлдегер Марина Стародубова.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир