|
27.06.2022 | 20:27
996

Бейнелеу өнерінен «Алматы» конкурсы өтті

Байқауға 5 пен 16 жас аралығындағы балалар қатысты

Almaty.tv

Алматыда бейнелеу өнерінің визуалды-графикасын анықтайтын «Алматы» конкурсы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Байқауға 5 пен 16 жас аралығындағы балалар қатысты. Әрқайсысы өз жұмысын таныстырып, 3 деңгей бойынша марапатталды. Шараны Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханамен бірлесіп ұйымдастырған.

«Суретшілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған конкурсты бүгін негізгі шешімін шығаратын болады. Әділ қазылар өзінің шешімін шығарғаннан кейін арнайы сыйлықтарменен марапатталады. Бұл байқау алдағы уақыттарда да жалғасын табады», – деді Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

«Қатысушылар өте белсенді. Кішкентайлары болсын, барлығы жұмыстарын әкеп, белсенді түрде қатысып жатыр», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ көркем білім кафедрасының меңгерушісі Ерлан Әсембайұлы.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир