|
05.10.2022 | 21:38
681

Алматыда «Ұлтқа қызмет» атты спекталь өтті

Бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры Алматыға гастрольдік сапары аясында қойылым қойды. Ұжым әртістері Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш арыстарының ел мен жерге құрмет, ұлтқа адал қызмет етуді насихаттауды көздейтін туындымен шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұлтқа қызмет деп аталатын спекталь Алаш қозғалысы тақырыбын кең ауқымда көрсеткен алғашқы қойылым. Деректі көркем драма 20 ғасыр басындағы күрделі кезеңнен сыр шертеді. Қазір менің қасымда театрдың көркемдік жетекшісі, спекталь режиссері Айдын Абзалбекұлы тұр.

Әлихан Бөкейханов рөлін актер Айдос Нұрмағанбетов сомдайды. Ол өнер саласында 15 жыл еңбек етіп келеді. Алаш қайраткерін ойнау мен үшін үлкен жауапкершілік дейді ол.

«Қарағанды Облыстық драма театры Алматыға 5 қойылыммен келген. Олардың төртеуі драма болса, біреуі балаларға арналған ертегі. Бұл - Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтары үшін тарихи драманы тамашалуға керемет мүмкіндік. Гастрольдік сапар бүгін басталды. 8 қазанға дейін жалғасады. Әріптестер мендегі ақпарат осындай болды», – деді актер Айдос Нұрмағанбатов.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир