|
21.01.2021 | 11:53
1389

Доллар арзандап, теңге нығайды

Доллар бағамы 20 қаңтардың кешімен салыстырғанда 0,11 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 418,54 теңгені құраған

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 20 қаңтардың кешімен салыстырғанда 0,11 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 418,54 теңгені құраған. 

Ұлттық банктің 21 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 418,67 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,63 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 418,12 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,65 теңгеге сатылып жатыр, ал сатып алу - 418,56 теңге.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир