|
24.04.2019 | 11:11
1635

Ыстық клизмаға күйіп қалған бала ауруханадан шықты

Аталған факті бойынша 2 медбике жұмыстан шығарылып, бас медбике қызметінен алынды

Алматыда Балалар педиатриясы және хирургиясы орталығынан ыстық клизмаға күйіп қалған 10 айлық сәби үйіне шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баланың жағдайы жақсы. Күйігі толық жазылды. Болашақта баланың денсаулығына кінәрат болмайды. Бала 19 күн бойы емделді. Қазір қызуы жоқ, тәбеті жақсы», - деді Орталық мамандары.

Мұның алдында Шымкент ауруханасында ыстық сумен жасалған клизмадан күйіп қалған сәби Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ем қабылдап жатқанын жазған болатынбыз. Еске сала кетейік, Шымкент ауруханаларының бірінде медбике 10 айлық нәрестеге клизманы ыстық сумен жасаған. Соның салдарынан бала күйік жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Оқиғаға қатысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір білдірді. Аталған факті бойынша 2 медбике жұмыстан шығарылып, бас медбике қызметінен алынды, сондай-ақ бас дәрігердің орынбасары мен емдеуші дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир