|
05.12.2019 | 15:07
1296

Алматыда австриялық University Heart Center профессоры шеберлік сабағын өткізді

Ал, 6 және 7 желтоқсанда Литваның кардиолог дәрігерлері тәжірибелерімен бөліспек

Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Алматы, Талдықорған, Атырау, Тараз, Петропавловск қалаларының интервенциялық кардиологтары, электрофизиологтары, аритмологтары, сондай-ақ Өзбекстанның интервенциялық аритмологтары үшін Клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмология бойынша оқыту циклы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Шеберлік сағаты барысында University Heart Center профессоры Кристиан Волман және Роин Реквава операция жасап үйретті.

«Өз ісінің шебері болған осындай мамандардың шеберлік кластары әр маманға барлық жиналған ақпаратты жүйелендіруге және оны тәжірибеде ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді», - делінген Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, 6 және 7 желтоқсанда Кризистерді зерттеу орталығының (Каунас, Литва) кардиолог дәрігерлері курс тыңдаушыларын жүрекалды фибрилляциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерімен таныстырады. Сонымен қатар «Жүрекалды фибрилляциясы кезіндегі криоаблация» тақырыбында шеберлік сағаты өтеді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир