|
12.01.2018 | 10:51
1783

Қоғам қайраткерлері Елбасының Жолдауы туралы өз пікірлерін айтты

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін іске асыра білсек, ел дамуының қарқыны жылдамдай түседі. Өнеркәсіп, бизнес, инновациялық технологиялар экономиканы жетелесе, адами капитал - жаңғыру негізі» - дейді еліміздің Парламент мәжілісінің депутаттары мен қоғам қайраткерлері. Халық қалаулылары «болашақта атқарылуы тиіс маңызды бағыттар елбасының жолдауында айқын көрсетілген», - дейді.

«Жолдау бұл маңызды бағдарламалық құжат. Онда көрсетілген агроөнеркәсіпті дамыту бағыты да көрсетілген. Нақты айтар болсам, «Ақылды технологиялар»  агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі делінген. Шын мәнінде агроарлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек», - деді Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Серік ЖАҚСЫБЕКОВ.

«Индустриялық дамуға өте жоғары маңыз берілді. Инновациялық индустрия бұл мемлекетті алға сүйрейтін, байытатын, дамытатын жол. Жалпы білім мен ғылым мемлекетте даму керек. Сол кезде мәдениетте өседі. Өйткені мына білімді адамдар қоғамда көп болса, қоғамның мәдениеті де жоғары болады. Бұл баяғыдан келе жатқан аксиома», - деді Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат ЖҰРЫНОВ.

«Елбасының дәстүрлі жолдауы біздің елді жарқын болашаққа жетелейді. Президенттің халыққа үндеуін өзім оқып шықтым. Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы күресті одан сайын күшейту жайлы айтты. Парақорлары жоқ мемлекеттің дами түсетіні сөзсіз. Сондықтан заңгер ретінде жемқорлықпен күресті ең маңызды салалардың бірі деп санаймын», - деді Заңгер Думан БАЗАРБЕКОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир