|
13.06.2018 | 16:03
1881

Шымкентте балмұздаққа қатысты тағы да шу шықты

Шымқалада балмұздақтан қауіпті инфекция табылды. Тәттіқұмарлар балмұздақ сататын дүңгіршекті жауып тастауды талап еткен. Алайда қожайын бұл талапқа құлақ асар емес.

Қауіпті ішек инфекциясы қаладағы балмұздақ сататын дүңгіршектердің бірінен Қаратау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өкілдері алған анализден табылған, деп хабарлайды bnews.kz

Ұлттық сараптама орталығына құйылмалы балмұздақтың тек ванильді және шокаладты түрі ғана жіберілген. Нәтижесінде инфекция анықталып отыр.

Дүңгіршек иесі өз кәсібін жауып тастауды талап еткендердің ісіне күдік келтіріп отыр. Тіпті тиісті органдарға шағымданатынын да айтқан. «Бес жылдан бері «Оңтүстік балмұздақ» брендімен жұмыс істеп келеміз. Қарамағымда 10 адам жұмыс істейді. Кәсібім заңды. Тиісті мекемеде тіркелгенбіз. Салықты дер кезінде төлеп отырмын. Біз үнемі Қаратау аудандық СЭС мамандарының тексеруіне ұшырап отырмыз. Дұрыстап жұмыс істеуге мүмкіндік бермей отыр» деп өз шағымын айтуда.

Наурыз айының соңында 61 адам балмұздақтан уланып ауруханаға түскен болатын. Кейіннен балмұздақ құрамын сальмонеллёз таяқшалары табылған-тын. Ал инфекция таратушы балмұздақ сатушылар екендігі анықталған еді.




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир