|
11.01.2017 | 11:16
3113

Тайландтың оңтүстігінде су тасқынынан 20-дан аса адам көз жұмды

Тайландтың оңтүстігінде қапыда болған су тасқынынан 20-дан аса адам көз жұмды. Жаңбыр жауатын мезгіл бұл елде мамыр мен  қараша айларының аралығында болатын. Қаңтар айында су астына кету - бұл өлкеге тән емес. Дегенмен, қатты нөсер 67 аймақтың 12-не жауып, жергілікті биліктің ақпарынша, соңғы күндері 330 мың үй зардап шеккен. Автомобиль жолдары, темір жол, әуе қатынасы шектелген. Тайландтың премьер-министрі зардап шеккен аймақтарға барып, халықтың жағдайымен танысты.


«Су тасқынынан қорғану қиындық туғызып отыр. Себебі, бұрынғы билік тасқынға қатысты жобаларды қарастырмаған. Судың мұхитқа ағып кететін құбырлары, суды ағызатын шлюз, сорғы, және бақылау мұнаралары жоқ»,- деді Тайланд премьер-министрі, Прают ЧАН-ОЧА.


Тайландтың оңтүстігі каучук өндіретін негізгі өңір. Табиғи апат аталмыш салаға ауртпалығын тигізуде. Фермерердің шығынға ұшырап, тиісті өнімін ала алмауы каучуктың бағасының өсуіне әкеп соғады. Есте болса, 2011 жылы Тайландта 900 адамның өмірін қиған топан су сол кезде ел экономикасына кері әсерін тигізді. Сол жылы экономика тек 0,1 пайыз өсімді көрсеткен еді. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир