|
16.05.2018 | 20:18
1738

«Цифрлы Қазақстан»: алдағы 3 жылда елді мекендерді интернетпен қамтиды

2021 жылға дейін 1 мың 200-ден артық елді мекенде жылдамдығы жоғары интернет тартылады. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алдағы жоспары мен тың бастамасы жайлы Дәурен Абаев айтып берді. Ведомствоның бір жылдық жұмысын таныстырған министр азаматтарға арналған арнайы портал ашылатынын хабарлап,жас журналистерді дайындау жүйесінің енгізілетінін тілге тиек етті.

Министр Дәурен Абаев халыққа есеп беру кездесуінде «Ашық үкімет» жобасын ерекше атап өтті. Тың бастаманы ведомство басшысы ел тұрғындары мен мемлекет арасындағы кейде қол жеткізу қиын, әрі керекті «дереккөпірі» деп түсіндірді.

«Ашық деректер порталы арқылы ел азаматтары 2800-ге жуық дерекке қол жеткізуге мүмкіндік алады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта түседі. Осы порталда 25 мың нормативтік құқықтық акт мен дәл сондай көлемдегі бюджеттік бағдарламалардың жобалары орналасады. Кез келген азамат мемлекеттік органдарының бірінші жетекшілерінің блог платформасы арқылы өзін қызықтырған сұрақтарға жауап тауып, ашық диалог порталы арқылы интернет-конференцияларға қатыса алады», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ.

Тағы бір маңызды дүние – ауыл шалғайға ғаламтор желісін жеткізу. Министрдің мәліметінше, 13 миллион тұрғын жылдамдығы жоғары интернетті пайдаланады. Ал халық саны 10 мыңнан басталатын мекенде 3G байланыс, ал 50 мыңнан жоғары тұрғыны бар жерде 4G стандартпен қамтылған.

«Цифрлы Қазақстан» жоба аясында 2021 жылға дейін 2 миллионнан астам тұрғыны бар 1249 елді мекенді жылдамдығы жоғары интернетпен қамтимыз. Жылдамдығы жоғары ғаламтор желісі ауыл шаруашылығын цифрландыру, білім беру мен медицина саласының сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту секілді ауылдағы кешенді мәселелерді шешетін болады»,- деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ.

Теле-радио хабар тарату жайы да айтылды. Осы жылы республика бойынша аналогтық жүйесі кез-кезеңмен тоқтатылмақ. 2018 жылдың аяғына дейін Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары толық цифрлық хабар таратуға көшеді. Ал тағы бір шаруа - жас журналистерді кәсібилікке дайындау мәселесі.

«Журналистика саласында білім беру сапасына қатысты көптеген сұрақтар туындап жатыр. Негізі, бәрі орынды. Біз университеттерде сабақ беріп жүрген «Журналистика» кафедраларымен бірге осы саладағы басшыларды біріктіріп, осы жұмысты нақты бір жүйеге келтіруіміз керек. Біз оны қолға аламыз. Оған уәде етемін. Жылдың соңына дейін осы мәселеге қатысты нақты бір xабар береміз деп ойлаймы»,-деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ.

 Жыл соңына дейін әрбір қазақстандық телефонының IMEI кодын жеке сәйкестендіру және куәлік нөмірімен бірге тіркеу міндетті. Ал талапқа бейжай қарағандардың ұялы байланысы 2019 жылдан бастап бұғатталатын болады, -деді министр. 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир