Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадада 8 алтын медаль жеңіп алды

Ұлттық құрама қоржынында 8 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар

facebook.com/askhat.aimagambetov

Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадада 14 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.    

«Өткен аптада біз 250-ге жуық оқушымызды әуежайға барып Францияға шығарып салдық. Олар алғаш рет Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып, әлемнің 70-ке жуық елінен келген құрдастарымен бақ сынасып жатыр.

Жарыстың алғашқы 3 күнінде оқушыларымыз 14 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 8 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. Дзюдо, таеквондо және жүзу жарыстарына қатысушылар алтын, жеңіл атлеттер мен дзюдошылар күміс, сондай-ақ дзюдошылар мен таэквондошылар қола жүлдегер атанды», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Министр барлық жеңімпазды лайықты жеңістерімен құттықтай отырып, әр медальдың еңбектің, табандылықтың, еңбекқорлық пен тәртіптің жемісі екенін атап өтті.

«Жақсы дайындық деңгейін көрсеткен мұғалімдеріңіз бен жаттықтырушыларыңызға, сондай-ақ қолдау көрсеткен ата-аналарыңызға алғыс айтамын. Әуежайдан шығарып салғанда сіздердің ұмтылыстарыңызды, талпыныстарыңызды байқадым. Алдағы ойындарда жеңістер тілеймін және туған жерде сіздерді асыға күтіп, барлығы жанкүйер болып отырғанын ұмытпаңыздар», - деді А. Аймағамбетов.

Ведомство басшысы Білім және ғылым министрлігі алдағы уақытта да Қазақстанды халықаралық деңгейде абыроймен таныту үшін оқушыларға жағдай жасауды жалғастыратынын айтты.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

жалпы білім
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир