SU Game Jam-2021: Алматыда алғаш рет ойын құрастырушылар фестивалі өтті

Шараға еліміздің 20-дан астам жоғары оқу орнынан 150-ге жуық студент қатысты

Almaty.tv

Алматыда тұңғыш рет өткізілген «SU Game Jam-2021» атты ойын құрастырушылар фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сәтбаев университеті ұйымдастырған шараға еліміздің 20-дан астам жоғары оқу орнынан 150-ге жуық студент қатысып, бақ сынады. 3 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Алматы энергетика және байланыс университетінің болашақ ІТ мамандары топ жарып, 300 мың теңгенің сертификатын иеленді.  

«Біздің жоба Left Alone деп аталады. Шыны керек, жеңімпаз боламыз деп күтпедік. Ал ұйымдастыру жағы жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта да осындай байқауларға қатысып, бағымызды сынап көреміз», – деді жарыс жеңімпазы Андрей Чернышов.

Ал ұйымдастырушылар сайысқа қатысушылардың арасында болашағынан үлкен үміт күттіретін студенттердің бар екенін айтады. Олардың басты мақсаты – еліміздің цифрландыру нарығын дамытып, келешегі мол инновациялық бейнеойындар әзірлеу.  

«Бұл жұмыстар бұдан кейін де жалғасады. Келесі жылы бұдан да көп нәтижелермен 2-фестивальге жиналамыз», – деді Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының директоры Раиса Өскенбаева.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир