Алматыда Жамбыл Тобаяқов атындағы зертхана ашылды

Ғалымның 100-ден астам ғылыми еңбегі, ондаған кітабы, монографиясы мен сөздігі бар

Almaty.tv

Бүгін Алматыда Жамбыл Тобаяқов атындағы зертхана-дәрісхана ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аудитория өзі ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Энергетика және байланыс университетінің ғарыштық инженерия кафедрасынан ашылды. Салтанатты шараға оның отбасы, достары және көзін көрген әріптестері жиналды. Оқу бөлмесі соңғы технологиялармен, Жамбыл Ошақбайұлының өмірі мен қызметінен хабар беретін стендтермен жабдықталған. Ғалым-профессор 1975 жылы осы институтта физика факультетінің негізін қалап, оны 10 жыл бойы басқарған. Ал 1994 жылдан бастап өмірінің соңына дейін проректор қызметін атқарды.

«Осы университеттің институттың басы-қасында жүріп құрды. Қазір үлкен институт. Бүкіл одаққа, әлемге тараған шәкірттері бар. Соның физикасын кафедрасының меңгерушісі болды. Содан институтта проректор болды. Еңбегі үлкен енді ол кісінің. Физикада, астрономияда істеді. Мынау тұңғыш плазма физикасын осы кісілер құрған», – деді Ж. Тобаяқовтың інісі Бақытжан Тобаяқов.

Жамбыл Тобаяқов педагог ретінде физика және энергетика саласында көптеген ізбасар тәрбиелеп, ғылымның өркендеуіне үлес қосқан. Ғалымның 100-ден астам ғылыми еңбегі, ондаған кітабы, монографиясы мен сөздігі бар. Академиктің атында Алматы қаласында көше және Алматы облысы Кербұлақ ауылында мектеп бар.

«Артында ғылымда да, қарым-қатынаста да, ұстаздықта да көп із қалдырған өте ардақты азамат еді. Бұл тіршілікте айналысына нұр шашқан адам. Жылу шашқан адам. Бір адамды ренжітпеген, біреуге қабақ шытпаған. Соның арқасында  бүгін қайтыс болғанына 25 жылдай болған екен. Әлі жүрегімізде сақтаулы», – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ұлықпан Сыдықов.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир