Әр университет ҰБТ-дағы шекті балды өзі белгілейді

Бұл құқық оларға 3 жыл бұрын берілген

egemen.kz

Түлектер оқуға құжат тапсырмастан бұрын жоғары оқу орындарының шекті балын біліп алғаны жөн. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығынң директоры Руслан Емелбаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, әр университеттің өз шекті балы болады. Бұл құқық оларға 3 жыл бұрын берілген.

«Бір оқушы математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді деп алайық. Ол ҰБТ-да жинаған 80 балымен ұлттық университетке ақылы бөлімге түскісі келеді. Өздеріңіз білетіндей, педагогикалық ғылымдарға шекті балл – кемінде 75 балл, ал ұлттық ЖОО-на – кемінде 65 балл. Оқушының жинаған ұпайы жетіп тұр. Алайда, ол университетте оқушының оқығысы келген мамандыққа шекті балл 85-тен басталады. Демек, оқушыға шекті балын 80-ге дейін белгілеген университетті іздеу керек»,  дейді Руслан Емелбаев.

Балдарды университеттер өздерінің сайтына жариялайды немесе қабылдау комиссиясының жұмысы басталған уақытта кеңес береді.

Сонымен қатар арнайы талапкерлер үшін testcenter.kz сайтында және Telegram арнасында осы ақпарат ұсынылады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир