Алатау дәстүрлі өнер театрында «Ұстаз – саған мың алғыс» атты мерекелік кеш өтті

Кеш барысында ансамбльдің сүйемелдеуімен үздік туындылар сахналанды

Алатау дәстүрлі өнер театрында «Ұстаз – саған мың алғыс» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төртінші ашылу маусымын педагогтерге арнаған өнер ордасы карантиндік талаптарды сақтай отырып бір күнде 2 бірдей концерт қойды. Кеш барысында ансамбльдің сүйемелдеуімен үздік туындылар сахналанды.

«Алдағы уақытта жиі болса дейміз. Театрдың басшысы ұстаздарға арналған керемет құттықтау айтты. Керемет көңіл-күймен келгеніме қуанып отырмын. Болып тұрса, келуге тырысамыз. Бүкіл ұстаздар рухани азық алады деп ойлаймын», – деді Алатау ауданы № 82 жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Құлпынай Аятова.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир