«Ұлы дала жастары»: Алматыға жиналған студенттер қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікірсайыс өткізді

Шараға еліміздің сегіз аймағынан келген 65 команда, яғни 160-қа жуық студент қатысты

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Ұлы дала жастары» атты ректор кубогына арналған Республикалық пікірсайыс турнирі өтті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған шараға еліміздің сегіз аймағынан келген 65 команда, яғни 160-қа жуық студент қатысты. Турнир барысында жастар Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында келтірілген тарихи һәм рухани құндылықтарды дәріптеп, республикамызда болып жатқан елеулі қоғамдық мәселелерді ортаға салып, пікір сайысты. Ал, өзгелерден оза шапқан «Жібек жолы» фракциясы 1-орынды жеңіп алды.

«Жастарымыз Елбасы мақаласын жүзеге асыру үшін таптырмас идеяларын ортаға салып, түрлі тақырыптарда ой алмасты. Тек бір мемлекеттің жастарының проблемасы көтерілген, жалпы әлемдік деңгейдегі мәселелер көтерілді, оларды шешу жолдары ұсынылды. Қуантқаны, жастарымыз қазіргі боп жатқан құбылыстардан бейхабар емес, саяси өмірге белсенді араласып келеді», - дейді «Ұлы дала жастары» республикалық пікірсайыс турнирінің бас төрешісі, студент Ләззат БОЛАТБЕК.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир