|
06.05.2021 | 00:02
1356

Наурызбай ауданында 8 мектеп арасында әскери спорттық ойындар өтті

Оқушылар өзара сап түзеуден, Калашников автоматын шашып, жинаудан, әдеби өлең оқудан жарысты

Наурызбай ауданында 8 мектеп арасында әскери спорттық ойындар өтті. Патриоттық іс-шара Жеңістің 76 жылдығына және 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқушылар өзара сап түзеуден, Калашников автоматын шашып, жинаудан, әдеби өлең оқудан жарысты. Жеңімпаз топ республикалық жарыстарға жолдама алады. Шара барысында жастар соғыс ардагерлерін еске алып, мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Пандемияға байланысты тәрбиелік шаралардың көбі онлайн форматта өткізіліп жатыр. Әйтсе де бүгінгі шара барлық санитариялық талаптарды сақтай отырып жасалған.

«Мақсаты, мәні – жас буындарды болашақта адалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осының бәрі біздің ардагерлерімізге сый-құрмет», – деді Рахым Сәрсенбин атындағы №192 жалпы білім беретін мектептің директоры Саян Біртәлиев.

«Жалпы ауданымыз бойынша 3 еңбек, 3 соғыс ардагері бар. 273 еңбек, тыл ардагерлері бар. Ардагерлеріміздің біреуінің үйін толық күрделі жөндеуден өткізген болсақ, екіншісінің сұрауы бойынша су жүргізу, ағаш кесу, үйіне қажетті техникалық құралдарды, интернет жүргізу мәселелері оң шешімін тапқан», – деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Мирас Нысанәлиев.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир