|
04.03.2019 | 09:48
2083

«Бұрынғы қызының кесірі»: астаналық бойжеткен жігітін қарғыс атқанын айтты

Оқырмандар бойжеткенге мешітке барып, садақаға тастауға, тәуіпке баруға кеңес берді

sputniknews.kz

25 жастағы қыз жігітімен ұзақ жылдар бойы кездесіп жүргенін, оның үнемі жолы болмай жүретінін айтып, кеңес сұрады. Бұл туралы бойжеткен instagram желісіндегі astana_forum парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik.

«Сіздер ақыл-кеңес береді деген ниетпен жазып отырмын. Жігітім екеуміз 25 жастамыз. Бір-бірімізді қатты сүйеміз. Ол – өте мейірімді, еңбекқор. Соңғы бірнеше жылда оның жолы болмай жүр. Мәселе сонда. Бір-бірімізді бұрыннан танимыз. Жүргенімізге де ұзақ уақыт болды», - дейді ол.

Сонымен қатар, жас қыз жігітінің үнемі жолы болмайтынын айтып, мұңын шақты.

«Ол күзде жұмысындағы сатыдан құлап, аяғының буынын шығарып алды. Одан бөлек, көптеген келеңсіз жайт болды. Кейін ірі жол апатына түсті. Құдай сақтап, тірі қалды. Бірақ көлігін жөндеймін деп көп шығынға ұшырады. Кездейсоқ қолын сындырып алды. Сол үшін жұмыстан шықты. Себебі, бір қолымен жұмыс істей алмады. Көлігі үнемі сынады немесе жол апатына түседі. Не істерімді білмеймін», - дейді бойжеткен.

Сондай-ақ 25 жастағы қыз жігітінің сәтсіздіктерін қарғыспен байланыстыратынын айтып, жұрттан ақыл-кеңес сұрады.

«Ол маған дейін бір қызбен жүріпті. Жігітім ол қызды тастап кеткен. Олар арақатынасын үзген кезде сол қыз «Сені қарғаймын» деген екен. Ол көңіл аудармаған. Мен де бұған сенбеймін. Бірақ оның неге жолы болмай жүр? Бір адамның басына мұндай ауыртпашылық түсуі мүмкін емес. Мұның себебі болу керек қой. Мұндай жағдайды басынан өткізгендер бар ма?», - деген сауал тастайды бойжеткен.

Оқырмандар бойжеткенге мешітке барып, садақаға тастауға және тәуіпке баруға кеңес берді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир