|
11.02.2019 | 09:54
2273

Алматыда 6 баласы бар отбасы аш отыр

Гүлмира үш баласын жетектеп, жолдасымен бірге Түркістан облысы Шаян ауылынан көшіп келген

sn.kz

Алматы қаласының алты балалы тұрғыны Гүлмира Бақтыоразова бір үзім нанға зар болып отыр. Жоқшылықтан көз ашпаған отбасы көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды sn.kz.

Гүлмира үш баласын жетектеп, жолдасымен бірге Түркістан облысы Шаян ауылынан көшіп келген.

Туған ауылында не үй, не жұмысы жоқ отбасы Алматыға көшіп келген.

Балалардың әкесі «Алтын орда» базарында жұмыссыздар жиналатын орында нәпақасын тауып жүр.

«Бұларға қазір макарон алып берсең де риза. Өйткені балаларым таңертеңнен бері нәр татқан жоқ. Екі қызым сабаққа аш кетті. Біреуін жібермедім. Тағы да дүкеннен қарыз сұрап көремін. Олар да маған қашанғы бере берсін?», - деді Гүлмира Бақтыоразова.

Айта кетейік, көпбалалы отбасы еш жерде тіркеуде тұрмағандықтан, мемлекеттік көмек алмайды.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир