|
07.11.2019 | 10:13
3224

2020 жылғы демалыс күндері ауыстырылды

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Үкімет 2020 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.

«Демалыс күндері: - 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға; - 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға; - 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», — делінген Қаулы мәтінінде.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Үкімет Демалыс
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир