|
24.06.2021 | 11:10
925

Жоғары соттың үш судьясы сайланды

Сенат депутаттары кандидатураларды бірауыздан қолдап дауыс берді

inbusiness.kz

Парламент Сенатының жалпы отырысында  Жоғарғы соттың судьялары сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Сенаттың қарауына Герман Нұрбаевты, Ербол Өмірәлиевті, Дана Тоқмырзинаны Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсыным енгізді.

Оларды жоғары палата депутаттарына Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп таныстырды.

Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті ұсынылған кандидатураларды алдын ала талқылап, өз қорытындысын әзірледі.

Сенат депутаттары кандидатураларды бірауыздан қолдап дауыс берді.

Осыдан кейін Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланғандар өз міндеттерін адал атқаруға ант берді.

Герман Нұрбаев заң саласында көп жылдық тәжірибесі бар маман. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды басқару, кәсіпкерлік құқық, монополия, жер қойнауын пайдалану және энергиямен жабдықтау саласындағы заңнаманы жақсы меңгерген.

Дана Токмурзина - заң ғылымдарының кандидаты, салық, кеден және кәсіпкерлік құқық саласындағы маман.

Ербол Өміралиев - мемлекеттік заң секторының өкілі.  Оның жалпы заң саласындағы тәжірибесі 25 жыл. Осы уақыт аралығында мемлекеттік қызметке 15 жылын арнаса, ұлттық холдингтер мен квазимемлекеттік компанияларда 10 жыл еңбек еткен.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

заң шығару
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир