|
26.02.2019 | 11:12
16386

Бейсен Құранбек екінші рет аман қалды

Stan.kz

Белгілі журналист Бейсен Құранбек жансақтау бөлімінен шыққанын, бір жарым жылда екінші рет аман қалғанынын айтты.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Дәрігерлерден айналдым! Соңғы бір жарым жылда екінші рет аман алып қалды. Бұл жолы асқазан жарасы ашылып, гемоглобин 61-ге түсіп кетіпті (бәрін жүрекке жақын қабылдаудың нәтижесі...) Жансақтау бөліміндегі жанталастан аман шықтық, бастысы. Енді палатада «постельный режимде» рақаттанып жатқан жай бар. Сәл демалып, ем алып шығайын, сосын қарбалас тірлікке қайта кірісемін. Тек енді денсаулықты шындап қолға алу керек. Әйтпесе, ақ xалатты абзал жандардан әбден ұят болды», - деп жазды журналист.

Бұл жазбаны көрген желі оқырмандары танымал журналистке амандық пен саулық тіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир