|
04.03.2019 | 11:15
1547

Ақтөбелік дәрігерлер есін жоғалтып алған мүгедек жанның жақындарын іздейді (ВИДЕО)

Ол бұрын немен айналысқанынан хабарсыз

sn.kz

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында 30 жастағы ер адам желтоқсан айынан бері жатыр.  Ол өзі жайында, яғни жасы нешеде, қайда дүниеге келген және бұрын немен айналысқанынан хабарсыз, деп жазады sn.kz.

Дәрігерлер оның аты-жөні мен жасының нешеде екенін ғана анықтай алған. Екі жыл бұрын Тимур Бахитовтың екі аяғынан айрылғаны және оның бұрын Жем қаласындағы колонияда жазасын өтегені белгілі болыпты. Осы қыста аяғын тағы үсік шалып, ауруханаға қайта түсіпті.

Тимур отбасы жайында ештеңе айта алмаған. Ол адамдармен де көп араласа бермейді екен.

Жақын күнде Тимурдың жақындары табылмаса, онда оны мүгедектер үйіне жіберуіміз мүмкін дейді дәрігерлер.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир