|
24.01.2020 | 11:47
1861

Ақтүтек боранда елорда көшелеріне қасқырлар кіріп кеткені жайлы ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан Полиция департаменті ақпаратты таратушылардың жауапкершілікке тартылатынын ескертті

Әлеуметтік желілерде түз тағысының көшені емін-еркін кезіп жүргені көрінеді. Бұл тұрғындардың үрейін тудырды. Видеоны таратушылар тіпті сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алайда бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олар елордадағы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Көктал ауданында қасқырлар жүр деген бейнеролик авторларын іздестіріп жатқанын мәлімдеп, жалған ақпаратты таратушылар міндетті түрде жауапкершілікке тартылатынын ескертті.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир