|
22.08.2019 | 12:19
979

Альпинистерді соңғы рет іздеуге шықты

Күні кеше тікұшақ 8 бұрылыс жасап, альпинисттердің жүруі мүмкін деген аумақтарды жіті қарап шыққан

Іздеудің соңғы күні. Өкінішке орай, Тянь-Шань тауында жоғалып кеткен альпинистерді тірідей табу мүмкіндігі жоқ. Бүгін оларды іздеу бойынша соңғы әуемен айналып ұшу жасалып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл туралы Алматы альпинизм федерациясы мен Қазақстанның альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясы мәлімдеді. Күні кеше тікұшақ 8 бұрылыс жасап, альпинисттердің жүруі мүмкін деген аумақтарды жіті қарап шыққан.

Айта кетейік, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Жеңіс шыңын бағындыруға кеткен еді. Алайда олар 6600 метр биіктіктен түсе алмай, байланыссыз қалған көрінеді. Сол жерде суықтап, сырқаттанған Александр Чечулин жан тапсырған.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир