|
04.06.2021 | 13:15
1938

ҰБТ-тағы ерекше шпаргакалар: «сөйлесуге болатын» шоколад, 45 өлшемді аяқкиім

ҰБТ тапсырған оқушы бойы аласа болса да, 45 өлшемді аяқкиім киген

Еліміздің барлық аймағында мемлекеттік білім гранты үшін ҰБТ өтіп жатыр. ҰБТ кезінде жоғары балл алу үшін оқушылар түрлі айла-тәсіл ойлап табады. Былтыр су құйылған бөтелкенің сыртына судың құрамы мен өндірушінің мекенжайы жазылатын жерге химия формулалары жазып алған бала «тапқырлығымен» елді таңғалдырған еді. Ал биылғы ҰБТ кезінде үлкен аяқкиім киген оқушы мен хабарласуға мүмкіндігі бар шоколадты «ойлап тапқан» түлектің айласы іске аспады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұсталған ерекше шпаргалкалар туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығының» бұрынғы директоры Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бойы аласа болса да, 45 өлшемді аяқкиім киген оқушы  оның ішіне телефон салып кірген.

«Бойың бір жарым метрге жетпей, 45 өлшем аяқкиіммен келгенің не?», – деп жазды ол.


Ал, өзге түлек шоколадтағы фольганың ішіне телефонын орап келген. Дегенмен оның бұл қулығы іске аспай қалды.

«Қазақстандық шоколад. Оның камерасы,  LED экраны, wi-fi қабылдағышы бар және онымен хабарласуға болады», – деп жазды ол.


2015 жылы әлеуметтік желіде қыз болып киінген жас жігіттің фотосы кеңінен таралған еді. Суреттің сипаттамасында оқиғаның Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында болғаны жазылған. Ол мұндай әрекетке сүйген қызы үшін барған. 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир