|
06.12.2019 | 12:31
1887

Қызылорданы су басу қаупі бар деген үрей жоққа шығарылды

Ведомство басшысының айтуынша, керісінше Қызылорда қаласынан 300 шақырым жерде мұз қату байқалады

Қызылорда облысындағы елдімекендерді су басу қаупі бар деген ақпаратқа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі пікір білдірді. Ведомство басшысының айтуынша, керісінше мұз қату Қызылорда қаласынан 300 шақырым және Жосалы кентінен 5 шақырым жерде байқалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Тұтынудың жоқтығынан осы аймақта су шығыны секундына 280 текше метрге дейін өсті. Сәйкесінше, өзендегі су деңгейі 99,89 метрге көтерілді. Мұның барлығы ұзақ мерзімді орташа статистикаға, мұздың пайда болу процестеріне сәйкес келеді. Біз Төтенше жағдайлар комитеті және облыс әкімдігімен бірлесіп, тұрақты мониторинг жүргізіп отырмыз. Қызылорда облысындағы елдімекендерді су басу қаупі жоқ», – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комтетінің төрағасы Арман ТҰРЛЫБЕК.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Су тасқыны сель
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир