|
21.09.2019 | 12:46
1887

2025 жылға қарай Қазақстан пластик пакеттен мүлдем бас тартады

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев мәлімдеді


Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді, ал пластикалық пакеттер ақылы болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев еліміз пластикалық пакеттерден бас тартып, қоршаған орта үшін қауіпсіз балама қаптамаларға көшуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді.

Пластикалық пакеттерді қолдануды азайту қадамдары меморандумда көрініс табады. Құжатқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев, «Атамекен» АЭС басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева қол қойды.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир