|
27.10.2021 | 12:58
644

Қазақстанда ұялы интернет жылдамдығы өсті

5G енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде – 2019 жылы қазақстандық ұялы байланыс операторлары жаңа желіні тестілеуді бастады

tadviser.ru

2021 жылдың қыркүйегінде ұялы интернет жылдамдығы бойынше елдер рейтингінде Қазақстан 21 сатыға жоғары көтеріліп, 80-орынға жайғасты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

finprom.kz аналитиктерінің хабарлауынша, жыл баснына бері Қазақстанда интернет жылдамдығы 19,52-дан 31,74 Мбит/с дейін ұлғайған. Осылайша өсім 62,6%-ті құрады.

Орталық Азия елдері ішінде Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша көш бастап тұр. Ал бұл рейтингте Қырғызстан – 103, Өзбекстан – 120, Тәжікстан – 129-орында тұр. Сондай-ақ Қазақстан ЕАЭО елдері – Ресей (90-орын) мен Беларусьтен (119-орын) асып түсті.

Мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемде БАӘ, Оңтүстік Корея, Норвегия, Катар және Қытай көш бастап тұр.

Аналитиктер Қазақстанда мобильді интернеттің қолжетімділігі мен сапасын арттыру шараларын атап өтті. Мәселен, осы жылдың 9 айында байланыс секторына бағытталған инвестиция 88,8 миллиард теңгені құрады.

5G енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде – 2019 жылы қазақстандық ұялы байланыс операторлары жаңа желіні тестілеуді бастады. Осы жылдың қыркүйегінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үш қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 5G стандартының ұялы байланысын сынақтан өткізе бастағанын айтты.

Сондай-ақ Түркістанда 5G желісінің базалық станциялары іске қосылуда. Операторлар –«Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС жаңа желіні сынақтан өткізеді.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде 24,2 миллион ұялы байланыс абоненті бар екені белгілі болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ке артық. Ұялы байланыс операторлары арасында Kcell-де абоненттер санының ең үлкен өсімі байқалады (бір жылда 2,1%-ке, 8 миллионға дейін артқан). Бұл ретте Beeline абоненттерінің саны 2,07%-ке өсіп, 9,6 миллионға жетті. Tele2/Altel абоненттері 6,5 миллионды құрап отыр.

2019-2025 жылдар аралығында мобильді интернетті пайдаланушылар саны 54%-ке артады деп болжануда. Аналитиктер 2025 жылға қарай 3G-сервистері жалпы нарықтың небәрі 28%-ін ғана құрайды деген болжаммен бөлісті. Оның ішінде негізгі үлес (60%) 4G технологияларына тиесілі болса, жаңа 5G желілері нарықтың 12%-ін қамтиды.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир