|
04.03.2019 | 13:24
5381

Қарағандыда тіс дәрігері әйелдің тісіне ине қойып, оны ұмытып кеткен

Жауапкерлер жәбірленушіге 90 000 теңге көлемінде материалдық және моральдық зиянды өтеуге міндеттеледі

sn.kz

Қарағандыда тіс дәрігерлері әйелдің тісіне ине салып, оны қайта алмаған. Әйел адам клиниканы сотқа берді деп хабарлайды №2 Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі.

Арызданушы келіншек тісі ауырып, мамандардың көмегіне жүгінген. Дәрігер-стоматолог емдеу шараларын жүргізген. Ол тісті жансыздандырып, арнасын тазалап, уақытша пломба қойған. Осыдан кейін дәрігер рентген түсірілім жасаған, тіс дәрігерінің айтуынша, барлығы да дұрыс болып, емдеу шаралары сәтті өткен. Алайда анестезия қайтқан уақытта, арызданушының тісі қайтадан ауыра бастаған, сосын ол басқа тіс емдейтін клиникаға барған. Онда тура түсірілім жасалған, соның нәтижесінде тіс арнасы толығымен тазартылмаған және ине қалып кеткені анықталған.

Жәбірленуші жауапкерден денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу есебіне қосымша 40 000 теңге көлемінде келтірілген шығындарды және 240 000 теңге көлемінде моральдық шығынды өндіріп алуды сұрады. Алайда тараптар бітімгершілік келісімге келді.

«Келісімге сәйкес талапкер жеке кәсіпкерден 40 000 теңге мөлшерінде материалдық залалды өтеу және 240 000 теңге моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздан бас тартады; Медициналық және фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша Қарағанды полиция басқармасы орталық полиция бөлімшесінде сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жауапкермен татуласуға міндеттеледі», - деп түсіндірді сот өкілдері.

Жауапкерлер жәбірленушіге 90 000 теңге көлемінде материалдық және моральдық зиянды өтеуге міндеттеледі.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир