|
27.03.2020 | 13:37
1712

Тоқаев: ТЖ кезінде жалақысы сақталмай, еңбек демалысына кеткендерге әлеуметтік төлемдер төленеді

Мемлекет басшысы жауапты мамандарға халықтың сұрақтарына тез әрі түсінікті жауап берілуін тапсырды

©Sputnik/Владислав Воднев

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде жалақысы сақталмай, еңбек демалысына кеткендерге әлеуметтік төлемдер төленеді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында мәлімдеді. 

Сондай-ақ осындай сын сағатта қиын жағдайға душар болған тұрғындарды қолдау мақсатында да бірқатар шаралар қабылданбақ. Мемлекет басшысы жауапты мамандарға халықтың сұрақтарына тез әрі түсінікті жауап берілуін тапсырды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Жалақы
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир