|
07.12.2022 | 13:52
746

Министр Ильин 8 жасар Дінмұхаммедті медальмен марапаттады

Ведомстволық награданы Атырау облысы ТЖД бастығының м.а. Нұрлан Жаңабай табыс етті

Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Атырау облысында балаларды судан құтқарған 8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбайды «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Министр Дінмұхаммедке батыл іс-әрекеті үшін, ал оның ата-анасына көмекке келуге дайын тұратын баланы тәрбиелегені үшін алғыс білдірді», - делінген министрлік мәліметінде.

Ведомстволық награданы кішкентай батырға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Жаңабай табыс етті.

Оқиға 3 желтоқсан күні Атырау қаласындағы Жайық өзенінің жағасында болғанын еске салайық. Дінмұхаммед жексенбі күні түстен кейін 14 және 9 жастағы достарымен мұз үстінде ойнап жүрген. Кенет әлсіз мұз жарылып, екі досы су астына кетеді. Шетте тұрған Дінмұхаммед өз өмірін қатерге тігіп, ойланбастан көмекке ұмтылды. Солай достарының бірін судан алып шықты.

Дереккөз: ҚазАқпарат.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир