|
25.02.2020 | 15:07
2253

Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны болуы мүмкін

Қазіргі уақытта синоптиктер тәулік бойы барлық өңірдегі су деңгейін бақылап отыр

www.inform.kz

Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, наурыз айында еліміздің басым бөлігінде нормадан жоғары жауын-шашын жауады. Сондықтан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында су тасқыны болу қаупі бар. Қазіргі уақытта синоптиктер тәулік бойы барлық өңірдегі су деңгейін бақылап отыр. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында қар деңгейі әдеттегі нормадан 80 пайызға, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында 30-60 пайызға, ал Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында 20-50 пайызға көп жауған. Ал Алматы облысы тауларында қар деңгейі өткен жылғы нормадан 45 пайызға төмен.




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир