|
04.08.2021 | 15:14
1033

Амандық Баталов Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғынын құттықтады

Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді

Амандық Баталов Фейсбук

Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің 19 миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Облыс әкімі Амандық Баталов нәрестенің ата-анасы мен қазақстандықтарды құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv 

«Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны Азаматқызы Жанияның бауы берік болсын! Осыдан төрт жыл бұрын да дәл осындай қуанышқа кенеліп едік.

Еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны Мүслима Саматқызы Талдықорғанда дүниеге келген болатын. Сол кезде бұл сүйінші хабарды көлікте кетіп бара жатқанымда бұрынғы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов телефон шалып айтқан еді. Биыл да 19 миллионыншы тұрғын туралы игі жаңалықты тағы да Тимур Мұратұлы хабарлады. Осылайша қуанышқа қуаныш қосылып жатыр. Дегенмен қызық дерек болған соң мен одан мұндай есептің қалай жүргізілетінін сұрадым. Ол реттік қатарды электронды база автоматты түрде өзі есептеп шығаратынын айтты. Шынында, керемет сәйкестік! Осылайша Алматы облысының қатарынан екі рет мерейі үстем болды! Алматы облысы – Елбасымыздың да, Президентіміздің де туған жері. Өңір барлық салада алдыңғы қатарда. Соның нәтижесінде туу көрсеткіші жылдан жылға артып келеді. Мәселен, біздің облыста жыл сайын 50 мыңдай бала 1-сыныпқа барады. Балалар –  біздің байлығымыз! Сондықтан 19 миллионыншы тұрғынның да жер жаннаты Жетісуда өмірге келуі – біз үшін үлкен қуаныш! Осындай жақсылықтар жақсылыққа ұласа берсін. Жанияның дені сау, ғұмыры ұзақ, болашағы жарқын болсын!» – деп жазады әкім.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир