|
13.10.2019 | 15:32
1675

Нұр-Сұлтанда мектептің жанында қызды зорламақ болған педофил ұсталды

Қазіргі таңда қылмыскер тергеу изоляторында қамауда отыр

Бір ай бұрын мектеп жанында қыз баланы зорламақ болған күдікті полицейлердің қолынан қашып кетті. Бірақ, тәртіп сақшылары түсте көз жазып қалған қашқынды, түнге қарай қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.

Қыз зорламақшы болды деген айыппен тергеуге алынған азаматты тәртіп сақшылары ақыл-есін тексеру мақсатында диспансерге әкелгенде ебін тауып сытылып шыққан. Дереу дабыл беріліп, жедел іздестіру шаралары жүргізілді.

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген.

Полиция қызметкерлері қашып кетуге себеп болған барлық жағдайды тексеруге алған. Нәтижесінде қылмыскер түнде ұсталды.  

ПД өкілінің айтуынша, қазіргі таңда қылмыскер тергеу изоляторында қамауда отыр.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир