|
24.01.2021 | 15:35
1318

Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты облыстық жолдар жабылды

Алматы – Өскемен автомагистралі және Алматы облысы шекарасынан Таскескен бұрылысына дейін көлік қозғалысына тыйым салынды

Фото: ашық дереккөзден алынды

Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар «Алматы  Өскемен  Қапал-Арасан шипажайы» екі жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, сағат 9.30-дан бастап облыстық маңызы бар «Алматы  Өскемен  Қапал-Арасан шипажайы» екі жол учаскесі 45 шақырымына дейін және Көктебе ауылына дейін көліктің барлық түрлері үшін жабылған. Төтеншеліктер жүргізушілерден аталған бағыттарға қарай сапарламауды, сондай-ақ 112 қызметінен келген ауа райы туралы хабарламаларға мән беруді сұрайды.

«Алыс жолға шықпас бұрын ауа райымен танысып, сізге экстремалды жағдайларда көмегі тиетін керекті заттың бәрін алуды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Алматы – Өскемен автомагистралі және Алматы облысы шекарасынан Таскескен бұрылысына дейін көлік қозғалысына тыйым салынды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир