|
18.07.2019 | 15:38
7580

Наурызым қорығы тағы да өртенді

Қорық директоры тікұшақпен өрт болған жерді аралап, 1000 гектарға жуық алқаптың өртенгенін анықтады

Қостанай облысының Наурызым қорығында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметне сілтеме жасап.

«Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының аумағында құрғақ шөп өртенді. Өртенген аумақтың көлемі өлшеніп жатыр. Қазір табиғи апат оқшауланды. Зардап шеккендер тіркелген жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Қорық директоры тікұшақпен өрт болған жерді аралап, 1000 гектарға жуық алқаптың өртенгенін анықтады. Қазір өрт орнында 113 адам жұмыс істеп жатыр, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар, ТЖД және қорық қызметкерлері бар.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир