|
05.05.2021 | 15:41
763

Алматыда «Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет» атты кездесу өтті

Орталық мемлекеттік музейде өткен тәлімді ғибратқа толы бұл кездесуде ардагерлер сол сұрапыл жылдарды еске алды

Almaty.tv

Алматыда Жеңіс күні қарсаңына екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері және еңбек майданының қатысушыларымен «Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет» атты кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық мемлекеттік музейде өткен тәлімді ғибратқа толы бұл кездесуде ардагерлер сол сұрапыл жылдарды еске алып, өзінің өмірлік жолынан, соғыс кезіндегі естеліктерін айтты, олардың ерлігі, еңбектері сөз етілді.

«Біз соғыс кезінде Сталинград шекарасына жақын Жәнібек деген ауданда тұрдық. Ол кезде мектеп жасындағы 10-11 жастағы кішкентай қыз едім. Біздің мектепті жауып тастап, аурухана соқты. Мен сол кезде жағдайдың бәрін жақсы түсіндім. Біз қолы жараланған, көзі жараланған әскерилердің орнына хат жазып, оны үйлеріне жолдауға көмектесетінбіз», – деді  еңбек ардагері Гүлжан Меңдіғалиева.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир