|
19.10.2019 | 15:56
1716

Қостанайда 14 жастағы қыз жоғалып кетті (фото)

Ол соңғы рет байланысқа 16 қазан күні кешкі 19:00 шамасында шығыпты

nur.kz

Қостанай қаласында 14 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті. Оның  анасы полицияға 16 қазанда хабар берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қара күрте, етік, жемпір киген Полина Попова үйінен шығып, белгісіз бағытқа қарай кеткеннен оралмаған.

Ол соңғы рет байланысқа 16 қазан күні кешкі 19:00 шамасында шығыпты.

Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыз баланы іздестіріп жатқанын хабарлады.

Ұлттық ұланның еріктілері мен әскерилер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қосылып, қала бойынша тінту жұмыстарын жүргізуде.

Ерекше белгілері: еуропалық келбет, бойының ұзындығы шамамен 172 см, дене бітімі орташа, шашы иыққа дейін түскен, көзінің түсі сұр-көк.

Өзімен бірге "Samsung" ұялы телефонын алып шыққан.

Қыз баланы көрген-білгендер болса, Қостанай облыстық Полиция департаментіне хабарласуды сұраймыз. Байланыс нөмірі 52-69-01 немесе "102".



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир