|
23.01.2020 | 16:06
1380

Елімізде заңды тұлғалардың меншік құқықтарын жариялау ұсынылды

Бұл шара елдегі бизнес ахуалды жақсартуға септігін тигізбек

Осындай бастама көтерген ұлттық экономика министрлігі, бүгін Мәжіліс қабырғасында жаңа заң жобасын таныстырды. Ондағылардың пікірінше, бұл шара елдегі бизнес ахуалды жақсартуға септігін тигізбек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Ведомство вице-министрі Жасұлан Мәдиевтің  айтуынша, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау үшін, жылжымайтын мүлікке салынатын ауыртпалықтар туралы ақпарат қолжетімді болуы тиіс.

«Жылжымайтын мүлікке меншік құқықтары туралы ақпаратқа жаппай қолжетімділікті ашу реформалары көзделіп отыр. Аталған өзгерістер халықаралық тәжірибеге сәйкес меншік құқықтары туралы ақпаратқа сатып алғанға дейін қолжеткізуге мүмкіндік бермек. Біз бұл жаңашылдықты бастапқы кезеңде тек заңды тұлғалар бойынша ғана іске асыруды жоспарлап отырмыз», – дейді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан МӘДИЕВ.

Ұлттық экономика вице-министрі атап өткен заңнамалық бастамалар Doing Business рейтингінің 8 индикаторы әрекет ететін 39 нормативтік құқықтық актіге 197 түзетуді, сондай-ақ бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдарды жою мен монополияға қарсы реттеу тиімділігін арттыру нормаларын көздейді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

заңды талаптар
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир